Қала күні

Қала күні

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінде қала күніне арналған іс-шаралар жоспары құрылып,өткізілді. «Мысы балқыған,ырысы шалқыған-Балқашым!» және«Туған қалам –мен сенімен мақтанамын!» тақырыбында  мектеп кітапханасында  және мектептің бірінші қабатында  ақпараттық және кітап көрмесі  ұйымдастырылды.5-6 сынып оқушыларымен «Туған күніңмен Балқашым!» атты сурет байқауы өтті.Мұқаметжан Тоғжан Дәренқызы 6 сынып оқушылары  арасында «Біздің қала-біздің өлке»атты фотоколлаж байқауын өткізді. Адамбаева Бақытгүл Тарыбаевна 5-8 сынып оқушыларымен «Балқаш-болашақтың қаласы...» тақырыбында ашық хат және «Нұрлы Балқаш-Нұрлы өңір» шығарма сайысын өткізіп,қорытындыланды.  Денешынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 2-10 сыныптар арасында «Біздің жеңістерімізді саған арнаймыз-Балқаш!» спорттық ойындар өткізілді.27.09.15ж күні мектеп оқушылары және  ұстаздар  қала күніне орай ұйымдастырылған қалалық іс-шараларға қатыстырылды. 3-4 сынып оқушылары  асфальтта сурет салуға, 5сынып оқушылары  жемістер костюмі  шоуына, «Наз»би тобы  би фестиваліне қатысып қайтты.

 

Дата: 29.09.2015, 14:32 Автор: СШ №5