Дін тану

Дін тану

Жалпы білім беретін №5 орта мектебіндегі 23.09.15ж күнгі өткізілген  «Дін және заманауи қоғам» тақырыбындағы  кездесу ақпары

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінде 23 қыркүйек күні сағат 12.30-да  7-11 сынып оқушыларына  діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша қалалық ақпараттық насихаттау тобы «Дін және заманауи қоғам» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге  Балқаш қалалық мешітінің найб имамы Жұмағұлов Бауыржан Дүйсембайұлы, Балқаш қаласының конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығының бас маманы Бейсембеков Айдос Амангелдіұлы,«Балқаш қаласының жастар бастамашылдығы орталығының маманы»Медеубаева Анель Омиралиевна,қалалық білім бөлімінің әдіскері Асемханова Гүлнар Базылхановна  және  полиция лейтенанты Төлегенов Ғалым Бейбітұлы келіп қатысты. Оқушыларға «Абайлаңыз діни экстремизм» тақырыбында  видеоролик көрсетілді.Оқушылар өз ойларымен бөлістіп,көптеген мағұлматтар алды.

 

Дата: 29.09.2015, 14:27 Автор: СШ №5