Размер шрифта:

Денсаулық күні

Денсаулық күні

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің  01-05.09.15ж  аралығында  өткізілген денсаулық күніне арналған іс-шаралар ақпары

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінде  5-6 сыныптар  аралығында   «Денің сау болсын десең, спортпен шұғылдан!» тақырыбында  әңгіме сағаты өткізілді.Мектептің бірінші қабатында «Денің сау болсын десең,спортпен шұғылдан!» тақырыбында стенд әзірленді.1-11 сыныптарда «Жақсы денсаулық өмір жасыңды  ұзартады» тақырыбында  сынып сағаттары өткізілді.Медбике Жазибекова С.С 7-8 сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтану –денсаулық кепілі» атты  әңгіме  оқыды.Мектепте дәрігерлік есепте тұрған оқушылар «ЗОЖ»  қызметкерлерімен кездесуге барды.9-10 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге   «Спид» орталығына барып  мамандар кеңестерін тыңдап қайтты.Лектор В.Г Сивун оқушыларға  түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Қазақ тілі мамандары 7-8 сынып  оқушылары арасында «Дені саудың-жаны сау» тақырыбында  шығарма жаздырып  қорытындылады. «Салауатты өмір салтын сақтайық!» ұранымен  қалалық  вело жарысқа 10 оқушы, «көңілді старт»ойынына 4сынып оқушылары, және көрермен ретінде 8-9 сыныптан 40 оқушы, сынып жетекшісі,денешынықтыру пәні мұғалімдері қатысып қайтты.Сағат 12.00-де  мектептің 2-4 сыныптар арасында   көңілді сөре ойыны,5-7 сыныптар арасында әр түрлі қозғалмалы ойындар,8-10 сыныптар эстафеталық жарыстар ұйымдастырды. Аға тәлімгер Айтқұл Л.Ж «Көңіл жақсы болғаны, өмір жақсы болғаны»атты сап жиынмен апталықты қорытындылады.

Дата: 13.09.2015, 8:44 Автор: СШ №5