"Алғашқы қоңырау"
Жалпы білім беретін №5 орта мектебінде 01.09.15ж күні сағат 10.00-де 2015-2016 оқу жылына арналған «Сыңғырла ,күміс қоңырау!»атты салтанатты жиын өткізілді.Жиынға Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясының мемлекеттік мекеме басшысы Балапанов Сағатбек Сәтімбекұлы және қалалық білім бөлімінің әдіскері Айтжанова Жанат Әбеновна шақырылды. Салтанатты жиында мектеп директоры Абдуалиева Айна Тлеккабыловна және Сағатбек Сәтімбекұлы құттықтау сөз сөйлеп ,мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндерге жақсы тілектерін білдірді. Алғаш мектеп табалдырығын аттағалы тұрған ізбасарларына құттықтау сөз кезегін 11-сынып оқушысы Амантай Мөлдірге және 1 сыныптың ата-аналар атынан Спанбекова Даркенге берілді. Жиын соңында 1-сыныпқа қадам басқалы тұрған 1Ә сынып оқушысы Сапар Сабина және мектебіміздің түлегі Қалиахметов Бауыржан алғашқы қоңырауды соқты. Оқушылар дайындаған ән шашумен жиынды аяқтап ,барлық сыныпта «Менің Отаным -Қазақстан», «Қазақ халқының ерлік істері»,«Мәңгілік Ел; Бір ел-бір тағдыр»тақырыбындағы сынып сағаттары өткізілді. Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясының мемлекеттік мекеме басшысы Балапанов Сағатбек Сәтімбекұлы 11А сыныбында «Менің Отаным -Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Келген қонаққа оқушылар бірнеше сұрақтар қойып, жақсы мағұлматтар алды.1сынып оқушыларына Н.Ә.Назарбаевтың «Менің Отаным -Қазақстан» кітабы тапсырылды.