«Балаға мейірім сыйлайық»
Республика көлемінде өтіп жатқан «Мектепке жол» акциясы біздің №5 орта мектепте өз жалғасын тапты.Қазақ халқы жетімін жылатпаған данагөй,жомарт,ақкөңіл халық.Қайрымдылық түбі береке.Мемлекетіміздің «Мектепке жол» акциясын қолдау ретінде №5 орта мектебінде «Балаға мейірім сыйлайық» тақырыбында іс-шара болып өтті.Аталмыш шара мектебімізде дәстүрлі түрде жеті жылдан бері өз жалғасын тауып келеді.Мектеп директоры Айна Тілекқабылқызы көрсетілген көмек үшін демеушілерге алғысын айтып,мұндай көмектің жас бүлдіршіндердің өмірінде маңызының жоғары екенің айтып өтті.Акция кезінде демеушілер тарапынан да өкілдер сөз сөйлеп,балалардың қуаныш шаттыққа кенелуі үшін қолдан келген көмектерін аямайтындарын айтты.Міндеттің орындалуына себепкер болған жүрегі кең,жомарт азамат акцияға кең ауқымда көмек көрсеткен демеушіміз «Нұрасыл и К» компаниясының төрағасы Рамазан Тұрар Азаматұлына алғысымыз шексіз.Мектебімізде 10 оқушы акция аясында керекті оқу құралдармен киім-кешекпен қамтамасыз етілді.Ата-аналар көмек көрсеткен жандарға рахметтерін айтып,балаларының қуанышына риза болды.Бала болашағымыз,тірегіміз! Олай болса,қамқорлық танытуға ауызбіршілікпен ат салысайық! Бүлдіршіндердің алаңсыз өмір сүруіне қол ұшын созайық!
№5 орта мектептің әлеуметік педагогі А.Қасенова



