Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің 2014-2015 оқу жылының 9 мамыр Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар ақпары

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің 2014-2015 оқу жылының  9 мамыр Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай   өткізілген  іс-шаралар ақпары

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің 2014-2015 оқу жылының

 9 мамыр Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай   өткізілген  іс-шаралар ақпары

         Жалпы білім беретін №5 орта мектебінде 04.05.15ж күні мектептің  алдында  9 мамыр  Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты  банер ілініп мектептің бірінші қабатында стенд безендірілді.Кітапханада  «Ұлы Жеңіс жасасын!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.7 мамыр –Отан қорғаушылар күніне орай  7-10 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. Мұқаметжан Тоқжан Дәуренқызы мектептің  бірінші қабатында  «Отан үшін от кешкендер» атты слайд фильм көрсетті.1-10 сыныптар арасында  « Ерлік жыры-елдіктің ескерткіші»тақырыбында  сынып сағаттарын өткізді.08.05.15ж күні  «Ерлігін бабалардың ұрпақ білер» атты салтанатты сап жиын өтті.Сап жиында мектеп директоры Абдуалиева Айна Тлеккабыловна құттықтау сөз сөйлеп, мерекемен құттықтады.Мектеп оқушылары қалалық іс-шараларға да  қатыстырылды. Атап айтсақ, «Соғыс жылдарындағы және патриоттық әндер»атты байқауы, «Сап түзеу және ән айту»байқауы, «Ерліктің мәңгілік алауы» атты қалалық сахналандырылған әскери-патриоттық әндер фестиваліне қатысып мадақтамамен марапатталды. «Ұлы Жеңістің 70 жылдығына» байланысты барлық іс-шаралар толығымен орындалды.

Орындаған: Шакижанова А.К

Дата: 15.05.2015, 3:07 Автор: СШ №5