1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінде 27.04.15ж күні мектептің  алдында  1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне байланысты  банер ілініп мектептің бірінші қабатында стенд безендірілді.Кітапханада  «Бір ел! Бір тағдыр!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 1-10 сыныптар арасында «Татулық-ел тірегі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мұқаметжан Тоғжан Дәуренқызы  5-6 сынып оқушыларына «1-Мамыр Қазақстан халқының ынтымақтастық,бірлік күні» тақырыбында слайд фильм көрсетті. 7-8 сынып оқушылары арасында  қазақ тілі пәні мұғалімдері  «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем-Қазақстан» атты шығармалар сайысын өткізіліп, қорытындысы шығарылды. 1-7 сыныптар арасында  денешынықтыру пәні мұғалімдері және сынып жетекшілерінің  ұйымдастыруымен  «Күш бірлікте!» атты  спорттық ойындар өткізілді.
30.04.15ж күні  «Татулық - достықтың киелі бесігі» атты салтанатты сап жиын өткізілді. Жиын соңында  мерекелік  әндер шырқалды. 1.05.15ж  күні  10 мұғалім және 10 оқушы ұлттық киіммен, 20 оқушы   спорттық киіммен, 25 оқушы  «Жас Ұландықтар»  шеруге қатысты. 3А сыныбының 15 оқушысы   тас жолға сурет салу байқауына ,15 оқушы  «Қазақстан халқы билері» атты  би фестиваліне қатысып бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жоспарланған барлық іс-шаралар өткізілді.

Дата: 11.05.2015, 3:16 Автор: №5 ОМ