Размер шрифта:

«Ұлы Жеңіске 70 жыл»

«Ұлы Жеңіске 70 жыл»

  29 сәуір күні ЖББ №5 орта мектебінде Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі қарсаңында  соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған салтанатты мереке өтті. Қатары сиреп бара жатқан ардагерлерімізді құрметтеп,оларды мақтан ету баршамыздың ортақ борышымыз. Осы орайда мектеп ұжымының ардагерлермен кездесулері,үйлеріне барып құрмет көрсеткендері туралы презентация көрсетілді.

 Салтанатты кездесуге тылда еңбек еткен  41   ардагер құрметтеп шақырылды. Жиынға   30 ардагер келді 11 ардагер жүре алмайтындықтан келе алмады.Салтанатты мерекені мектеп директорының орынбасары С.Жакупбекова ардагерлерді құтықтауымен      Қаламыздағы  денешынықтыру және спорт бөлімі төрағасы Шәкенов Ізбасар Өміржанұлы ардагерлерге жүрек жарды лебізін білдіріп,елбасының 2015 жылғы № 992 бұйрығына сәйкес «Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі медалімен» шақырылған ардагерлерді марапаттады. Әлеуметтік қамту орталығының қызметкері Серикбаева Жанат Тасбулатовна және 1987 жылғы мектебіміздің  түлегі «Ауған соғысының ардагері» А.Головин де ардагерлерге құрмет көрсетіп,төс белгілерін табыстады. 

 Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, шақырылған құрметті қонақтарға музыкалық сәлемдерін жолдады. Сонымен бірге оқушылардың қолынан жасалған бұйымдар мен мектеп ұжымының дайындаған сыйлықтарын ардагерлерге табысталынды. Мектеп ұжымына шексіз алғыстарын білдіріп,ардагерлеріміз Күлтай апа мен 40жылдан астам №4 БТЛ-да қызмет істеген Н.С.Серебринников сөз сөйледі. Сәуле Азихановна ардагерлерге ауырмай ортамызда жүре бергендеріңізге тілектеспіз деп салтанатты мерекені аяқтады. Ардагерлеріміз жас балаша қуанып, осындай үлкен құрмет көрсетіп,жыл сайын марапаттайтынына тән риза болып,шын пейілдерімен ризашылықтарын білдіріп қайтты.Салтанатты жиын аяқталғаннан кейін ардагерлермен естелік суретке түсті және мектеп әкімшілігі келе алмаған  11 ардагердің үйлеріне барып медальдарын тапсырып құттықтап қайтты.

Дата: 11.05.2015, 3:07 Автор: СШ №5