Размер шрифта:

Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығына орай өткізілген «Біз Қазақстан халықтарымыз» атты мәнерлеп оқу сайысының ақпары.

Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығына орай өткізілген «Біз Қазақстан халықтарымыз» атты   мәнерлеп оқу сайысының   ақпары.

Байқаудың мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1995 ж  Қазақстан халқы Ассамблеясын құру  туралы жарлығын орындау мақсатында ,  Жас  ұрпақтың бойына  қазақстандық патриотизмді,  азаматтық және рухани-мәдени келісімді  сіңіру, бәсекеге қабілетті  ұрпақты тәрбиелеу, республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету .
Ұйымдастырылған іс-шараға қала мектептерінен 14 мектеп қатысып,өз өнерлерін ортаға салды.Байқауға «Пульс»газетінің тілшісі  Саденов Қуандық Мақсұтұлы ,ардагерлер ансамблінің көркемдік жетекшісі   Қожамбаев Қуат Сейітұлы,ЖББ№5 орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі  Ибраева Гүлжазира Қуанышбековна,мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шакижанова Алма Коныспаевна қазылық етті.Байқау шарттары: «Біз  Қазақстан халықтарымыз» атты  оқушылар арасында  өтетін мәнерлеп оқу сайысы  3 бөлім  бойынша өткізілді.

1. «Жігерлі болса - ер болар, бірлікті болса- ел болар»  бөлімінде ,  Татулық, бірлік, ынтымақ, халықтар достығы  тақырыптарында жазылған белгілі ақындардың бір өлеңін  мәнерлеп жатқа оқу сайысы.

2. «Сен менің бақытымсың , Қазақстан... »  бөлімінде  Туған жер, Отан туралы белгілі  сазгерлердің әнін орындау.

3. «Отаным деп  жыр арнаймын..» бөлімінде жас ақындар шығармаларының сайысы.
Байқау қорытындысында «Жігерлі болса - ер болар, бірлікті болса- ел болар»  бөлімінде І орынды №2 мектеп интернатының оқушысы Қордабаев Ерсұлтан,ІІ орынды №16 мектеп оқушысы Қайырбекова Әнел және қалалық гимназияның оқушысы Қарабаева Алуа,ІІІ орынды №24 мектеп оқушысы Қайратов Алмас иеленсе, «Сөз зергері » номинациясымен  №4мектеп оқушысы Лаппо Виктория және №15 мектеп оқушысы Таңат Балнұр марапатталды.
«Сен менің бақытымсың , Қазақстан... »  бөлімінде  І орынды №9мектеп оқушысы Абжалова Гүлім,ІІ орынды №5 мектеп оқушысы Бейсенова Айдана, ІІІ орынды

 

№8мектеп оқушысы Маралова Нұрай иеленсе,«Жезтаңдай  әнші» номинациясымен №2мектеп интернатының оқушысы Нұрмағамбет Гүлсанат ,№15 мектеп оқушысы Нұрмағамбетова Малика   марапатталды.«Отаным деп  жыр арнаймын..» бөлімінде  І орынды №24 мектеп оқушысы Рзаханов Нұрислам,ІІ орынды №5 мектеп оқушысы Мақажанов Ерсана ,ІІІ орынды №4 мектеп оқушысы Алиева Зарина ,«Жас дарын » номинациясымен  Швед Виктория және Ізбасар Арнат  марапатталды. Байқау соңында мектеп оқушыларының  дайындаған концерттік бағдарламасы қойылды.

 

 

Орындаған:Шакижанова А.К

Дата: 18.04.2015, 7:00 Автор: СШ №5