Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығына орай өткізілген «Біз Қазақстан халықтарымыз» атты мәнерлеп оқу сайысының ақпары.

Байқаудың мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1995 ж Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы жарлығын орындау мақсатында , Жас ұрпақтың бойына қазақстандық патриотизмді, азаматтық және рухани-мәдени келісімді сіңіру, бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу, республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету .
Ұйымдастырылған іс-шараға қала мектептерінен 14 мектеп қатысып,өз өнерлерін ортаға салды.Байқауға «Пульс»газетінің тілшісі Саденов Қуандық Мақсұтұлы ,ардагерлер ансамблінің көркемдік жетекшісі Қожамбаев Қуат Сейітұлы,ЖББ№5 орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Ибраева Гүлжазира Қуанышбековна,мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шакижанова Алма Коныспаевна қазылық етті.Байқау шарттары: «Біз Қазақстан халықтарымыз» атты оқушылар арасында өтетін мәнерлеп оқу сайысы 3 бөлім бойынша өткізілді.
1. «Жігерлі болса - ер болар, бірлікті болса- ел болар» бөлімінде , Татулық, бірлік, ынтымақ, халықтар достығы тақырыптарында жазылған белгілі ақындардың бір өлеңін мәнерлеп жатқа оқу сайысы.
2. «Сен менің бақытымсың , Қазақстан... » бөлімінде Туған жер, Отан туралы белгілі сазгерлердің әнін орындау.
3. «Отаным деп жыр арнаймын..» бөлімінде жас ақындар шығармаларының сайысы.
Байқау қорытындысында «Жігерлі болса - ер болар, бірлікті болса- ел болар» бөлімінде І орынды №2 мектеп интернатының оқушысы Қордабаев Ерсұлтан,ІІ орынды №16 мектеп оқушысы Қайырбекова Әнел және қалалық гимназияның оқушысы Қарабаева Алуа,ІІІ орынды №24 мектеп оқушысы Қайратов Алмас иеленсе, «Сөз зергері » номинациясымен №4мектеп оқушысы Лаппо Виктория және №15 мектеп оқушысы Таңат Балнұр марапатталды.
«Сен менің бақытымсың , Қазақстан... » бөлімінде І орынды №9мектеп оқушысы Абжалова Гүлім,ІІ орынды №5 мектеп оқушысы Бейсенова Айдана, ІІІ орынды
№8мектеп оқушысы Маралова Нұрай иеленсе,«Жезтаңдай әнші» номинациясымен №2мектеп интернатының оқушысы Нұрмағамбет Гүлсанат ,№15 мектеп оқушысы Нұрмағамбетова Малика марапатталды.«Отаным деп жыр арнаймын..» бөлімінде І орынды №24 мектеп оқушысы Рзаханов Нұрислам,ІІ орынды №5 мектеп оқушысы Мақажанов Ерсана ,ІІІ орынды №4 мектеп оқушысы Алиева Зарина ,«Жас дарын » номинациясымен Швед Виктория және Ізбасар Арнат марапатталды. Байқау соңында мектеп оқушыларының дайындаған концерттік бағдарламасы қойылды.
Орындаған:Шакижанова А.К