Размер шрифта:

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің 02.02.2015ж күнгі «Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығына» арналған іс-шаралардың ақпары.

Қазақстан-тарихи  тағдыры ортақ этностардан құралған унитарлы мемлекет.
Ассамблеяның мақсаты:Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жаңғыруы мен дамуын қамтамасыз ету;өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға,мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке  негізделген  ұлтаралық  қатынас мәдениетін қалыптастыру болатындығы айқындалды. Биылғы жыл «Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығы» атап өткелі отыр. Осы орайда  мектебімізде іс-шаралар жоспары құрылып ,  стенд әзірленді.
Кітапханада «Менің елім –менің мақтанышым», «Ұлт бірлігі –ұлы байлық»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20жыл»  тақырыбында  сап жиын және сынып сағаттары өткізілді.9А сыныбында  Иманғалиева Жаңыл Мұратовна «Бір халық-бір ел-бір тағдыр», «Ақпыз,қара,сарымыз,Ағайынбыз бәріміз» тақырыбында  сынып сағаттары өткізілді.Алдағы уақытты жоспарланған барлық іс-шаралар өз деңгейінде өткізілмекші.

Дата: 24.02.2015, 3:35 Автор: СШ №5