Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің 2014-2015 оқу жылындағы ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың ақпары

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінде  2014-2015 оқу жылына 5 жалпы ата-аналар жиналысы жоспарланды.10.09.14ж күні  1-10 сыныптар аралығында №1 жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.  
-ЖББ №5 орта мектептің 2013-2014 оқу  жылындағы атқарылған жұмыстардың есебі.
-«Қазақстан жетістіктерінің маңызды факторы адам факторы болып табылады» тақырыбында мектеп директоры Абдуалиева Айна Тлеккабыловнаның баяндамасы тыңдалды.
-Мектептің әлеуметтік педагогы   Зиядина Айнур Сериковнаның 2013-2014 оқу жылындағы  атқарған жұмыстарының есебі.
 -Мектеп психологы Ибраева Айгерім Саттыгуловнаның ата-аналарға арналған психологиялық-педагогикалық кеңесі тыңдалды.    
-Мектептің жаңа 2014-2015 оқу жылының  ата-аналар комитетінің құрамын сайлау.
- «Шапағат» әкелер кеңесінің құрамы сайланды.
Ата-аналардың ұсыныстары бойынша мектептің ата-аналар комитетінің  төрайымы-Қосыбаева Назгүл Зекеновна,мүшелері Құдайбергенова Раушан Төлегеновна ,Тұрғанбаева Шолпан Мекетаевна ,Бакишева Эльмира Таубаевна және хатшы Нұржанова Қарлығаш Срайловна ұсынылды.
Мектеп бойынша 316 ата-ана.Жалпы ата-аналар жиналысына 170 ата-ана қатысты-54℅,Жол жүріп кеткені 25 ата-ана-8℅,себепті жұмыста болғаны-121 ата-ана-38℅.Себепсіз келмей қалға ата-ана болған жоқ.Жиналыс аяқталғаннан кейін әрбір сыныптар бойынша  мониторинг шығарылып, жиналысқа келмеген ата-аналардың   келе алмаған себептері анықталды.
Қараша айында «Құқық бұзушылықтың алдын алу»,желтоқсан айында «Қылмыс-қоғамдағы қауіпті әрекет»,қаңтар айында «Тәрбиенің ең тамаша мектебі -отбасы»,мамыр айында «Кәсіптік білім беру-бүгінгі күннің басты талабы» тақырыптарында жалпы ата-аналар жиналысы жоспарланып өткізілмекші.1-10сыныптар бойынша әрбір тоқсан сайын жоспар бойынша  ата-аналар жиналысы өткізіліп отырады.
16.01.2015ж күні 1-10 сынып ата-аналарына арналған жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде:1. «Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы»тақырыбында мектеп директоры Айна Тлеккабыловна Абдуалиева баяндама жасады.
2.1-10 сынып оқушыларының І жарты жылдық қорытындысы бойынша оқу ісінің орынбасары  Сауле Азихановна Жакупбекова қорытынды жасады.
3.Мектеп психологы  Айгерим Саттыгуловна Ибраева  МАБ-қа дайындық кезіндегі ата-аналарға арналған кеңестер берді.
4.«Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында мектептің әлеуметтік педагогы Айнұр Серікқызы Зиядина және мектеп инспекторы   Гульнар Азимжановна Тохтиева І жарты жылдық бойынша есептер берді.Жиналыс соңында мектептің  «Шапағат» әкелер кеңесі төрағасы Қайпбергенов Бақытбек Кымыранұлы өздерінің атқарып жатқан жұмыстары жайында ата-аналарға айтып өтті.Жалпы жиналыстан кейін әрбір сынып жетекшілері өз сыныптары бойынша жиналыстарын өткізді.

Дата: 24.02.2015, 3:27 Автор: №5 ОМ