Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің 2014-2015 оқу жылындағы «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы» аясында соғыс және тыл ардагерлерімен жүргізілген жұмыстардың ақпары.

 Батылдық пен ерліктің  ерен үлгісін көрсеткен соғыс ардагерлері жыл санап арамыздан азайып барады. Десек те, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, заман жалғаса берді. Жауынгерлердің бейбіт өмірдегі жарқын істері ерен еңбектері ұмытылмақ емес. Сонымен қатар, соғыс жылдары тылда еңбек етіп, жеңіске жетуге жігер берген жерлестерімізде қаншама. Солардың бірі Тыл және еңбек ардагері, Ақтоғай ауданы Қуаныш ауылының тумасы Жүзбай Дінмұхаметұлы Ақторғаев. Жүзбай атамыз 1933 жылы 3 ақпанда дүниеге келген. Қаңтар айының 25 күні 3Асынып оқушылары  Калмыкова көшесі 4-38 пәтерге барып осы  ардагер атамен сұқпаттасып қайтты. Ардагер оқушыларға өз өмірімен және де соғыс жылдарында өмірі жайлы әңгімелер естеліктер айтып берді. Ардагер Ұлы Отан соғысы аяқталған соң елдің әлеуметтік –экономикалық жағдайын көтеруге атсалысыпты. 1964-1966 жылдары Ақтоғайда  ферма басшысы қызметін атқарған екен. Осы салада қызмет етіп, кейін зотехник болып жұмысқа орналасады. Тылдағы бейбіт өмірдегі қызметіне орай Үкімет тарапынан берілген мақтау марапаттар –«Тыл ардагері» медалі және мерейтойлық медалдар кеудесінде жарқырайды. Қазыналы қария 4 ұл 3 қыз тәрбиелеп өсірген. Бүгінде сол балалардан 23 немере 7 шөбере сүйіп отырған өнегелі отбасы. Бейбіт күннің бесігінде тербелген елге көне көздің бір ғана тілегі бар. Ол: «Сұм соғысты ешкімнің басына бермесін» деген тілек. Жүзбай ата оқушыларға ризалығын білдіріп,отбастарына ,ұстаздарына алғысын білдірді. Балқаш өңірі газетіне Жүзбай атаның немересі Тоты Ерғазықызының  «Есімізде отты жылдар белестері»тақырыбында мақаласы жарияланды.

Қаңтар айының 31 күні 6А сынып оқушылары  сынып жетекшілерімен бірге Желтоқсан  көшесінде тұратын Ворошилов Григорий Василиевичпен кездесіп қайтты. Соғыс ардагері Ворошилов Григорий Василиевич 10.02.1925 жыл дүниеге келген. 1943 жылы 18жасында Новосибирск  қаласынын соғысқа аттанғаны және «№67Александринская Красноармейская бригадасында » әскери борышын атқарғаны, соғыс кезінде кеудесінен және басынан жарақат алғандығын ,сұм соғыстың зардаптары жайлы тебірене отырып айтып берді.

Қарт ардагер  үйінде өзі жалғыз   және қызымен немересі келіп көмек беріп тұратындығы жайлы хабардар етті. Оқушылар ардагерімізге көптеген сұрақтар қойып,әңгімесін тыңдады. Ворошилов Григорий Василиевич  10 ақапан күні 90 жасқа келетінін және  өзінің  балаларды өте жақсы көретінін ерекше айтып кетті. Сөз соңында оқушыларға ризашылығын білдіріп, өз Отандарыңның патриоты болыңдар   деген  тілегін білдірді. 

Дата: 24.02.2015, 3:07 Автор: №5 ОМ