Размер шрифта:

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінің 1 ЖЕЛТОҚСАН – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КҮНІ-не орай ұйымдастырылып өткізілген іс-шараның ақпары

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінде 19.11-29.11.14ж күндер аралығында  1желтоқсан-Қазақстан Республикасы  Тұңғыш Президентінің күніне арналған іс-шаралар жоспары құрылып жұмыстар жүргізілді.Мектеп фасадында тақырыптық банер ілініп мектептің І қабатында стенд безендірілді.Мектеп кітапханасында «Елін сүйген,елі сүйген Ұлы тұлға»тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.Мектептің бірінші қабатында 20-29.11 күндері аралығында «Елімен бірге-Елбасы!»тақырыбында слайд фильм көрсетілді.Сынып бұрыштары жасалынды.Тарих пәні мұғалімі  Жакупбеков Мадияр Исмуханович  10сынып оқушыларымен  «Ел басымыз-кемеңгер,Көші түзу –ел көгерер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.Қазақ тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  5-10 сынып оқушылары арасында  «Қазақтың тұңғыш көшбасшысы»  тақырыбында шығармалар сайысы өткізілді. 2-10 сыныптар аралығында  Құдайбергенов Жақсыбек Есбергенович және  Қалдыбаев Ерік Қалықбайұлының ұйымдастыруымен спорттық ойындардан жарыстар өткізілді.18-24.11.14ж күндері  9-10 сынып оқушылары қалалық мұрағатта өткізілген патриоттық сабақтарға қатысып қайтты.28.11.14ж күні  «Менің Президентім!» тақырыбында өткізілген  жастар арасындағы  жас ақындар байқауына мектебіміздің 8А сынып оқушысы  Тұрсынбекова Дана қатысып мадақтамамен және бағалы сыйлықпен марапатталып қайтты.29.11.14ж күні  «Елін сүйген Ер Жәнібек»атты қалалық ғылыми -практикалық конференцияға мектебіміздің 10 сынып оқушылар және мектеп мұғалімдері барып қатысып қайтты. 29.11.14ж күні мектебімізде аға тәлімгер Жүзбай Тоты Ерғазықызының ұйымдастыруымен «Елін сүйген елі сүйген Елбасы» атты салтанатты жиын өткізілді.Салтанатты жиында 1желтоқсан-Қазақстан Республикасы  Тұңғыш Президентінің күніне арналып өткізілген барлық іс-шаралар қорытындысы шығарылып,Ұланбасының анты қабылданды.Жиын соңы ән-биге ұласты. 1желтоқсан-Қазақстан Республикасы  Тұңғыш Президентінің күніне арналған  барлық іс-шаралар  толығымен өткізілді.

Дата: 4.12.2014, 3:23 Автор: №5 ОМ