Размер шрифта:

Балқаш қаласының 2014-2015 оқу жылында өтілген қалалық дебаттық сайысқа №5 орта мектебінің қатысқаны туралы ақпар

29.10 .2014 ж  Академик Ж.Ақылбаевтың Балқаш маңызды білім беру колледжіне қалалық Жастар бастамашылдығы орталығының қолдауымен, әскери патриоттық «Жас Ұлан» жастар аула клубының жетекшісі Ж.Жетпісованың ұйымдастырыуымен қалалық пікірталтық күзгі турнирі өтті.Сәрсенбіде өткен пікір-сайыс турнирінде 14 команда және қаланың колледж студенттерінен 3 команда қатысты. Турнир мектеп оқушылары мен студенттердің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін көтеру, сонымен қатар, жастардың әлеуметтік бастамаларын қолдау мақсатында өткізілді. Негіізгі қозғалып отырған тақырыптар жастардың жұмыссыздық мәселесі, діни экстримизм алдын алу, «Білімал» ақпараттық-білім порталы және тағы басқа өзекті мәселелер болды.  Аталмыш пікір сайысшы оқушылар арасында I –орынды №5 орта мектептің «Жалын » тобы еншіленді, II- орынды Абай атындағы №2 мектеп,  III-орынды  №9 орта мектептің «Болашақ» иеленді.

Ұйымдастырушы ж.Жетпісова өз сөзінде бүгінгі пікірталастың тартысты өткенін айтып, Академик Ж.Ақылбаевтың Балқаш маңызды білім беру колледжінің басшылығына алғыс жеткізді.

Дата: 2.12.2014, 4:26 Автор: СШ №5