күзгі каникул

Жалпы білім беретін №5 орта мектебінде 04-12 қараша  аралығындағы күзгі каникул кезіндегі әр түрлі іс шаралар  жоспарланып өткізілді.
-Мектебіміздің 5-6 сыныптың 30 оқушысы   оқушылар сарайында ұйымдастырылған  би шұғыласы атты  би марафонына қатысып қайтты.
-Қазақ тілі пәні мұғалімі Ибраева Гүлжазира Қуанышбековна  10А сынып оқушыларымен  «Келемін тау ішінде түнделетіп» атты Сәкен шығармаларынан  жарыс өткізді. Сынып оқушылары екі топқа  бөлініп   бір бірімен Сәкен  Сейфуллиннің шығармаларын, өлең шумақтарын айтудан жарысты. Екі командада Сәкен Сейфуллинның жыр шумақтарын жақсы білетіндігі байқалды.
-Денешынықтыру пәні мұғалімдері  Құдайбергенов Жақсыбек Есбергенович және  Қалдыбаев Ерік Қалықбаевич  мектептің 6-10 сынып оқушыларымен  баскетбол,волейбол.футбол және түрлі спорттық жарыстар өткізді.
 -Күзгі каникул бойында 1-10сынып жетекшілері және әлеуметтік мұғалім Зиядиана Айнур Сериковна  «тұрмыстық жағдайын анықтауға» байланысты оқушылардың үйлерін аралап қайтты.
-Кітапханашы  Махашова Көптілеу Шойынбаевна 1-4сынып оқушыларымен «Кітап-адамзаттың асыл қазынасы» атты  кітаптарға шолу және  «Газет айна-оны оқыған пайда» тақырыбында  насихаттау жұмыстарын ұйымдастырды.
-Жетыбаева Шолпан Дүйсебековна  6А сынып оқушыларымен  «Қазақстан» және  «Полиглот»тақырыбында интеллектуалды ойын өткізді.
-Қарашаның 6 жұлдызында  Жүзбай Тоты Ерғазықызы  мектептің дебат үйірмелерінің оқушыларымен  EXPO -2017 «Келешектің қайратын шақырту және жаңа мүмкіндіктер» атты дебаттық бәсеке өткізді.      Дебаттық бәсекеде әр түрлі қарарлар ойнатылды.форматтармен таныстырылды. АПФ, БПФ, ЛД, Карл Поппер сияқты форматтармен таныстырылып ойындар жүргізілді. Қорытындысында  жеңіп шыққан команда қалалық дебат сайысына  жіберілді.
-Нұржанова Қарлығаш Срайловна  3А сынып оқушыларымен  «Гүлстан  әлеміне саяхат», «Менің сүйікті жануарым»тақырыптарында  сайыс өткізді.
-Иманғалиева Жаңыл Мұратовна 9 А сынып оқушыларымен  «Салт-дәстүрді білесің бе?», «Жеті атасын білген ұл,жеті жұрттың қамын жер» атты сайыс,тренинг өткізді.
-Тусупова Гүлден Жеңісқызы 2А сынып оқушыларымен  «Біз кітаппен доспыз», «Жүзден жүйрік» интеллектуалды ойын және әңгіме сағатын өткізді.
-Мектеп психологы Ибраева Айгерим Саттыгуловна  5 сынып оқушыларымен «Мен өзгелердің көзімен» және 3-4 сыныптар аралығында «Танымдық процестерді түзету және дамыту»тақырыбында  тренинг жаттығулар өткізді.
-Қожамбаев Қуат  Сейтжанұлы ның жетекшілігімен Күләш Байсейітованың туғанына 100 жылдығына орай ұйымдастырылған  «Гакку»атты  ән байқауына  мектебіміздің 7сынып оқушысы Тлеутай Айжүрек қатысып жүлделі ІІІ орынды  және 5 сынып оқушысы Ербол Жұлдыз номинациямен марапатталды.
-1А,Ә сыныбының жетекшілері Асылбекова Айгуль Тлеукеновна және Бекбенбетова Гүлмира Калкамановнаның  ұйымдастыруымен   ата-аналар және оқушылардың қатыстырылуымен  «Толағай»спорттық сайыс өткізіліп, оған 5 команда қатысты. Командалар епті және жақсы ат салысты. Ойындар өте қызықты өтті. Сламовтар отбасы жүлделі I –орынға ие болды. 
-Мұқаметжанова  Жанар Дәуренқызы  8 А сынып оқушыларымен  «Тапқыр болсаң, талас жоқ» тақырыбында  танымдық сайыс өткізді.
Күзгі каникул бойынша жоспарланған барлық іс-шара толығымен өткізіліп қорытындыланды.

Дата: 15.11.2014, 5:07 Автор: №5 ОМ