«Денсаулық күні »

«Денсаулық күні» 

 

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауында бізді Отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады. Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың денсаулығы мықты болуы керектігі айтылған.Осы  орайда  жалпы білім беретін №5 орта мектебінде «Денсаулық күні» аясында 01-07.09 күндері іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.Іс-шараның өтуіне мектеп ұжымы түгелдей ат салысты. Мерекелік шара салтанатты жиыннан басталып, мектеп әкімшілігі «Денсаулық күніне» қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді.
Бастауыш сыныптарда «Көңілді старт» жарысы өтті. Жарысқа  кішкентай бүлдіршіндер сынып жетекшілерімен қатысып, өздерінің күштерімен сынасып, жылдамдықтарын көрсетті. Орта буын  сыныптары    шағын футболдан жарысқа түсіп, командалардың бірлігін таныта отырып, тек қана алға ұмтылуға қадам жасады. Жоғары сынып оқушылары  стритбол ойынынан  жарысқа түсті. Оқушылар қандай жарыс болсын өздерінің ептіліктерін, күштіліктерін, жылдамдылықтарымен бірге бірлік татулықтарын таныта білді. Жарыстың қорытындысы бойынша  «көңілді старт» жарысынан 2-3 сыныптар және 4-5 сыныптар аралығында І орынды -3Ажәне 5А сыныбы,ІІ орынды-2А және4А сыныбы,ІІІ орынды-2Ә сыныбы иеленсе «Футбол»ойынынан  І орынды-6А және 8А сыныбы,ІІ орынды 7А сыныптары жеңіп алды.Мектеп оқушылары флеш-моб билеп,спорттық жарыстармен жалғасын тапты.Жалпы «Денсаулық күні » қызықты өтті. Жеңіске жеткен оқушыларды мадақтамамен  марапатталды.

 

Дата: 8.09.2014, 6:24 Автор: №5 ОМ