Размер шрифта:

Жалпы білім беретін №5 орта мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы демалыс орталығының ашылуы

Жалпы білім беретін №5 орта мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы демалыс орталығының ашылуы

Жалпы білім беретін №5 орта мектеп жанында 26 мамыр күні «Күншуақ» жазғы демалыс орталығы ашылды. Орталықтың басты мақсаты: оқушыларға танымдық тәрбие бере отырып , қазіргі заман талабына сай лагерь  жұмыстарының дамуына қолайлы жағдайлар жасап, тәрбие бағытын жан-жақты дамытуға мүмкіндік беру.

Орталықтың ашылу кезінде оқушылар ән айтып, би билеп, ойындар ойнады. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары Шакижанова А.Қ., демалыс орталығының ашылуымен құттықтап, балаларға жазғы демалысты жақсылап өткізулерін тіледі.

Демалыс орталығында 9 тәрбиеші, 2 дене шынықтыру мұғалімі, аға тәлімгер, көркем жетекші, мейірбике жұмыс жасап, мектебіміздің 53 оқушысы  демалуда. Демалыс орталығының жетекшісі болып Асылханова А.А. бастауыш сынып мұғалімі тағайындалды. Демалыс орталығы  жас ерекшеліктері бойынша 3 топқа бөлініп жұмыс атқарылуда. Олар: «Балдырғандар» тобы 5-6 жас, «Тұлпарлар» тобы 7-8 жас, «Қырандар» тобы 9-11 жас ерекшеліктері бойынша орналасқан. Демалыс орталығы ұйымшылдықпен жұмыстарына кірісіп кетті.

Дата: 3.06.2014, 3:43 Автор: СШ №5