Размер шрифта:

«Cоңғы қоңырау»

 ЖББ№5 орта мектебінде  25 мамыр күні  сағат 10-00-де  2013-2014 оқу жылының 1-9 сыныптарға   арналған  соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиынға   қалалық білім,денешынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері  Әсемханова Гүлнар Базылханқызы    және мектептің ата-аналар комитеті  Зекенова Назгүл және мектеп бітіруші 9 сыныптың ата-аналары,1 сынып  оқушыларының ата-аналары  шақырылды.  Жиын  мектептің спорт  залында өткізілді.Спорт залының іші  безендіріліп,мектептің  жыл бойына өткізілген іс-шараларынан  слайдттар қойылды. Жиында барлық оқушылар сапқа тұрғызылып,ҚР-ның әнұраны  айтылғаннан соң  мектеп директоры  Абдуалиева Айна Тлеккабыловна сөз сөйлеп ашып берді.Шақырылған қонақтарға,ата-аналарға сөз берілді.  2013-2014 оқу жылының  үздік оқушыларын  ортаға шақыру рәсімі жасалынғаннан кейін құттықтауға арналған бұйрықты мектептің оқу ісінің орынбасары  Жакупбекова Сауле Азиханова  оқып, Асемханова Гүлнар Базылханқызы  мадақтамаларды тапсырды. Мектептің жыл бойы іс-шараларына ,спорттық сайыстарға,олимпиадаларға қатысқан оқушыларды  және  ата-аналарды мектеп директоры Абдуалиева Айна Тлеккабыловна алғыс хаттармен ,мадақтамалармен марапаттады. 1 сынып оқушылары  аға-апаларына арналған тақпақтарын айтып,сыйлықтарын  табыстады.9сынып оқушылары  ұстаздарына арналған  тілектерін  білдірді. 2013-2014 оқу жылының соңғы қоңырауын 9 сынып оқушысы  Қартабай Нұрланбек және 1 сынып оқушысы Ерланқызы Айханым соқты.Жиын соңы мерекелік ән шашуға ұласты.

Дата: 29.05.2014, 8:05 Автор: №5 ОМ