Балқашым мекенім

Қатысқан сыныптар:2-4

Жауапты:Аға тәлімгер Ақшалова А.Т

«Жас Ұлан» РББЖҰ «Жас Қырандар» арасындағы қала күніне орай өтілген «Балқашым мекенім» байқауы

«Бірыңғай «Жас Ұлан» «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі(бұдан әрі – «Жас Ұлан») Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады. «Жас Қыран» бұл «Жас Ұлан» РББЖҰ-ның төменгі сынып ұйымы. «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының мақсаты өскелең жас ұрпақтың бойына патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлықты, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

 Қатысушы топтар:

1. 4 А сынып «Ұлағат»

2. 3 А сынып «Алаш»

3. 3 Ә сынып «Жас Қыран»

4. 2 А сынып   «Талап»

Байқау 4 кезеңнен тұрады:

1.     Топтың аты, таныстыруы

2.     Сұрақ-жауап (Балқаш қаласы туралы)

3.     Балқаш қаласы туралы тақпақ айту

4.     Жұмбақтар шешу 

Байқау қорытындысы бойынша 3 А сынып оқушылары "Алаш" тобы алға шығып, женімпаз атанды.

Дата: 10.05.2014, 6:23 Автор: №5 ОМ