Балқашым мекенім
Қатысқан сыныптар:2-4
Жауапты:Аға тәлімгер Ақшалова А.Т
«Жас Ұлан» РББЖҰ «Жас Қырандар» арасындағы қала күніне орай өтілген «Балқашым мекенім» байқауы
«Бірыңғай «Жас Ұлан» «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі(бұдан әрі – «Жас Ұлан») Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады. «Жас Қыран» бұл «Жас Ұлан» РББЖҰ-ның төменгі сынып ұйымы. «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының мақсаты өскелең жас ұрпақтың бойына патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлықты, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Қатысушы топтар:
1. 4 А сынып «Ұлағат»
2. 3 А сынып «Алаш»
3. 3 Ә сынып «Жас Қыран»
4. 2 А сынып «Талап»
Байқау 4 кезеңнен тұрады:
1. Топтың аты, таныстыруы
2. Сұрақ-жауап (Балқаш қаласы туралы)
3. Балқаш қаласы туралы тақпақ айту
4. Жұмбақтар шешу
Байқау қорытындысы бойынша 3 А сынып оқушылары "Алаш" тобы алға шығып, женімпаз атанды.



