Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауына

         Биылғы жылы қазақстандықтардың тағатсыз күтіп отырған Елбасының Жолдауы 17 қаңтарда жарияланды. Қоғам өзгеріске ұшыраған сайын мемлекеттің де заңдары, қаулылары және жыл сайынғы Жолдау өзгеріске, жаңашылдыққа бетбұрыс жасап отырады. Жолдауды басынан бастап, соңына дейін тыңдадық. Ондағы Елбасымыздың халықты бір арнаға ұйытып, адамзат алдындағы мәселелерді қалай шешу керектігін, сонымен қатар билік органдарымен және халықпен ақылдаса отырып, бір шешімге келетінін баса айтты. Қазақстандықтардың жиырма жылдан астам тәуелсіздік тарихында басынан өткергендері, қиыннан қиыстырып, даму жолымен қадам басып келе жатқаны оңайға түспегені баршаға мәлім болғанын құлаққа түрді. Елбасымыз аталған Жолдауды еліміздің дүниежүзіндегі дамыған елу елдің қатарына қосылу мақсатымен жасалып жатқандығы және оған бір жағадан жең шығарып өтетінімізді сендіріп айтты. Ол үшін қазақстандықтар болашаққа нық сеніммен қарау керек, сонда ғана алдағы даму сатыларынан сүрінбей өтуіміз тек өзімізге байланысты деп айтты.

         Білім саласына бөлінген және бөлінетін қаржы жылдан-жылға көбейіп отыр. Сол бағытта қазақстан оқушыларының, студенттерінің және жастарының жағдайы баса назарда тұрғанын жеткізді. Балабақшадан бастап, мектеп, колледж және университеттер мемлекеттің дамуына ықпал етуі тиіс деді. Ол үшін білім берудегі реформалар іске асу керек деді. Жалпы білім беретін орта мектептер Назарбаев интеллектуалдық мектептерінің жағдайына дейін жету керектігі, екі ауысымдық мектептер санын 2017 жылға дейін аяқталу Үкімет назарында болады деп тапсырмалар берді.

Алтыншы.Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс.

Таяудағы 3 жыл ішінде, 2017 жылға дейін орын жетіспеушілігін жойып, қажетті жерлерде елдегі барлық мектепті екі ауысыммен оқытуға көшіру керек. Үкімет пен әкімдер осы міндетті орындау үшін бюджет қаражатының бөлінуін қарастырғаны жөн. Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет. Үкіметке 2014 жылғы 1 маусымға дейін осы мәселе бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын.

Үшіншіден, жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін берген жөн. Мәдени саясаттың ұзақмерзімді тұжырымдамасын әзірлеу қажет. Онда қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған шаралар белгілеу керек.

Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Еліміз бойынша мемлекеттік тілді оқытатын 57 орталық жұмыс істейді. Олардан мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты, әлі де үйренуде. Былтырғыға қарағанда биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10 пайызға өскен. Бұл да біраз жайттан хабар береді. Тек соңғы 3 жылда мемлекеттік тілді дамытуға республика бойынша 10 миллиард теңге бөлінді. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн.

Төртіншіден, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік пакеттерін қайта қарастырған жөн. Үкіметке азаматтық қызметшілер еңбекақысының жаңа үлгісін әзірлеуді және 2015 жылғы 1 шілдеден бастап енгізуді тапсырамын. Ол қызметкерлердің еңбекақыларын денсаулық сақтау саласында – 28, білім беру саласында – 29, әлеуметтік қорғау саласында 40 пайызға дейін арттыруды қамтамасыз етуге тиіс.

         Аталған басымдық мектептерге үлкен қолдау берілетінін ашық көрсетіп тұр. Осы тұрғыда біз мектеп оқушылары Жолдауда айтылған оң серпіністерге жақсы баға беріміз, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты және Жолдауды толық қолдаймыз. Басымдықтарды бірге игереміз және Қазақстанның жарқын болашағы үшін аянбай қызмет етеміз.

 

 

Дата: 26.02.2014, 6:46 Автор: СШ №5