«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Заң және тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында Балқаш қаласы ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бастығы, полиция капитаны Жумагалиев Ерулан Муратказиевичтің мектептің ата-аналарымен кездесуі өтті.
«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Заң және тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында Балқаш қаласы ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бастығы, полиция капитаны Жумагалиев Ерулан Муратказиевичтің мектептің ата-аналарымен кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты – ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде отбасы, мектеп пен полицияның өзара байланысын нығайту.
Жиналыс барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың қоғамдық орындардағы тәртібі, түнгі уақытта жүруі және профилактикалық рейдтер мәселелері түсіндірілді. Ата-аналардың баласының бос уақытын тиімді ұйымдастыруы, кіммен араласатынын, қайда жүргенін білуі және күнделікті мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударуы маңызды екені айтылды.
Сондай-ақ нашақорлықтың алдын алу, есірткі заттарын тасымалдауға және жасырын орындарға қалдыруға («закладка») жасөспірімдерді тарту қаупі туралы ақпарат берілді. Жеңіл табыс ұсынатын күмәнді хабарландырулар мен интернеттегі ұсыныстарға сақтықпен қарау, олардың қауіпті салдарын балаларға түсіндіру қажеттігіне назар аударылды.
Кездесуде буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мәселелері де қамтылды. Баланың қатарластарымен қарым-қатынасына, әлеуметтік желідегі белсенділігіне және эмоционалдық жағдайына көңіл бөлу, қысым көрсету немесе қорқыту белгілері байқалған жағдайда мектеппен және тиісті мамандармен бірлесе әрекет ету маңыздылығы түсіндірілді.
Ата-аналарға баламен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнату, оның мәселелерін мұқият тыңдау, қауіпсіздік ережелерін үнемі еске салып отыру және жеке үлгі көрсету жөнінде ұсынымдар берілді.
Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құқық бұзушылықтың алдын алу – отбасы, мектеп және құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысы. Өзара қолдау мен тұрақты байланыс балалардың қауіпсіз ортада өсіп, жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
Дата: 20.11.2026, 14:52 Автор: №5 ОМ