«№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 12.11.2026 күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жоғары сынып оқушылары арасында «Жасанды интеллект, білім және кітап оқу мәдениеті» тақырыбында пікірсайыс өтті.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, ақпаратты саналы бағалауға баулу, өз көзқарасын дәлелді жеткізу және өзгенің пікірін құрметтеу мәдениетін қалыптастыру.
Пікірсайыс тақырыбы жасанды интеллектінің білім алудағы мүмкіндіктері, нейрожелілерді қолданудағы академиялық адалдық, авторлық құқықты құрметтеу және цифрлық дәуірдегі кітап оқу мәдениеті секілді өзекті мәселелерді қамтыды.
Көркем әдебиет оқу адамның дүниетанымын кеңейтіп, тіл байлығын арттырады, қиялы мен ойлау қабілетін дамытады. Сондықтан технология дамыған заманда кітаппен достықтың маңызы арта түседі.
Ашық диалогке негізделген мұндай кездесулер жастардың көпшілік алдында сөйлеуіне, қарсы пікірді байыппен қабылдауына және өз ұстанымын дәйекпен қорғауына мүмкіндік береді.
Жетекшісі: Мынбаев Е.Е

Дата: 16.11.2026, 15:58 Автор: №5 ОМ