Размер шрифта:
↑

2026 жылғы 6 қараша күні Қарағанды облысы көлемінде «Балалардың қауіпсіздігі – отбасы мен мектептің ортақ жауапкершілігі» тақырыбында облыстық онлайн ата-аналар жиналысы өткізілді.

2026 жылғы 6 қараша күні Қарағанды облысы көлемінде «Балалардың қауіпсіздігі – отбасы мен мектептің ортақ жауапкершілігі» тақырыбында облыстық онлайн ата-аналар жиналысы өткізілді.
Аталған облыстық онлайн ата-аналар жиналысына Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 1–11 сынып ата-аналары онлайн форматта қатысты. Жалпы жиналысқа мектеп бойынша 85 ата-ана қосылып, маңызды мәселелерді тыңдады.
Жиналыстың күн тәртібінде төмендегідей өзекті тақырыптар қарастырылды:
1. «Балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты – отбасы мен мектептің ортақ жауапкершілігі» – балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ата-ана мен мектептің бірлескен міндеттері;
2. «Балалардың қауіпсіздігі: ата-ана қамқорлығынан ортақ жауапкершілікке дейін» – баланы түрлі қауіп-қатерден қорғау, құқық бұзушылықтың, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, ата-ананың бала өміріне тұрақты назар аударуы;
3. «Отбасы – өзара түсіністік пен қолдау кеңістігі» – отбасындағы сыйластық, сенім, мейірімділік пен өзара қолдаудың бала тәрбиесіндегі маңызы;
4. «Саналы қоғам – сапалы мемлекет» – саналы ұрпақ тәрбиелеу, қоғамдық жауапкершілікті қалыптастыру және отбасы құндылықтарын дәріптеу мәселелері.
Жиналыс барысында бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету тек мектептің ғана емес, ең алдымен отбасының да басты міндеті екендігі атап өтілді. Баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігін бақылау, оның психологиялық жай-күйіне көңіл бөлу, ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.
Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет! Балаға қауіпсіз орта қалыптастыру – отбасы мен мектептің бірлескен ең маңызды жауапкершілігі.
Дата: 16.11.2026, 15:26 Автор: №5 ОМ