«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді
5 «А» сыныбында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік және адал табыстың маңызы туралы ой бөлісті. Сонымен қатар еңбек адамдарының қоғамдағы орны туралы әңгімелеп, өз түсініктерін шығармашылық жұмыстар арқылы жеткізді.
Оқушылар адал еңбек ету, өзгенің еңбегін бағалау және әрбір істі жауапкершілікпен орындау керектігін түсінді.
Қорытынды: Адалдық пен еңбек – адамды биікке жетелейтін асыл қасиеттер. Адал еңбек еткен адамның табысы да баянды!
Адалдық – ардың ісі, еңбек – табыстың кілті!
Дата: 5.11.2026, 16:09 Автор: №5 ОМ