Размер шрифта:
↑

Төтенше жағдайлардың алдын алу – қауіпсіздік кепілі

Төтенше жағдайлардың алдын алу – қауіпсіздік кепілі
2026 жылғы 15 қазанда мектебіміздің 9–11-сынып оқушыларына АӘД жетекшісі Калдарбеков Нуржан Жораханович төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қауіпсіздік ережелері туралы білімін кеңейту, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет етуге үйрету және өз өмірі мен айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Кездесу барысында төтенше жағдайлардың алдын алудың маңызы мен күнделікті өмірде сақталуы тиіс қауіпсіздік талаптары түсіндірілді. Қауіп туындаған кезде сабыр сақтау, мектептен эвакуациялау тәртібін орындау, жауапты мамандардың нұсқауларын басшылыққа алу және өзара көмек көрсету мәселелеріне назар аударылды.
Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау әр адамның жеке жауапкершілігінен басталатыны айтылды. Мұндай түсіндірме жұмыстары білім алушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайларға дайын болуына ықпал етеді.
Қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау – өмірді қорғаудың маңызды шарты!
Дата: 15.10.2026, 15:42 Автор: №5 ОМ