Республика күні – елдігіміздің бастауы
2026 жылғы 12 қазанда №5 жалпы білім беретін мектептің І ауысымындағы саптық жиында үгіт-насихат тобы «Республика күні – елдігіміздің бастауы» тақырыбында ақпараттық қойылым көрсетті.
Оқушылар қойылым барысында Республика күнінің тарихи маңызына тоқталып, 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның Қазақстан тәуелсіздігі жолындағы маңызды қадам болғанын айтты. Сондай-ақ ел бірлігі, бейбітшілік және Отанға деген сүйіспеншілік туралы ой бөлісті.
Саптық жиында Республика күні қарсаңында спорттық жетістіктерге қол жеткізген оқушылар мен олардың жетекшілері марапатталды.
Іс-шара білім алушылардың ел тарихына қызығушылығын арттыруға және мемлекеттік мерекеге құрметін нығайтуға бағытталды.
Дата: 13.10.2026, 9:49 Автор: №5 ОМ