Размер шрифта:
↑

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЖАСТАРМЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

 «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЖАСТАРМЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жастардың заң талаптары туралы түсінігін кеңейту және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында оқушылармен профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында полиция қызметкері жасөспірімдермен құқық бұзушылықтың салдары, қоғамдық орындардағы тәртіп және кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі туралы әңгімелесті. Оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін білу, кез келген жағдайда заң аясында әрекет ету және қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі түсіндірілді.

«Заң мен тәртіп» идеологемасы аясындағы осындай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға құрмет пен саналы жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.

Дата: 13.10.2026, 9:31 Автор: №5 ОМ