Қыз бала денсаулығы – болашақ кепілі
30.09.2026 күні мектебімізде 7–11-сынып қыз балаларының денсаулық туралы сауаттылығын арттыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру мақсатында Балқаш қалалық емханасының акушер-гинекологі Хажай Оралғанмен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында маман жасөспірім қыздардың жеке бас гигиенасын сақтауы, жас ерекшеліктеріне байланысты ағзада болатын өзгерістер, репродуктивті денсаулық және ерте жүктіліктің алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Денсаулыққа қатысты сұрақтар туындаған жағдайда білікті маманның кеңесіне жүгінудің маңызына тоқталды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қыз балаларға денсаулықты сақтаудың маңызын түсіндіру, жеке бас күтіміне мән беруге баулу және салауатты өмір салты туралы түсініктерін кеңейту. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің сенімді ақпарат алуына, өз денсаулығына саналы әрі жауапты көзқарас қалыптастыруына ықпал етеді.
Дата: 6.10.2026, 9:27 Автор: №5 ОМ