«Адал еңбек – абырой» шығармашылық көрмесі
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Еңбек күніне орай «Адал еңбек – абырой» тақырыбында оқушылардың шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – оқушыларға адал еңбектің қадірін ұғындыру, еңбек адамдарына құрмет сезімін қалыптастыру, еңбексүйгіштікке, ұқыптылық пен жауапкершілікке баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрмеге оқушылардың өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдары, суреттері, макеттері және басқа да шығармашылық жұмыстары қойылды. Әрбір туынды балалардың ізденісін, қиялын және еңбегін танытып, олардың шеберлігі мен қызығушылықтарын көрсетті.
Шығармашылық көрме оқушыларға өз еңбегінің нәтижесін көпшілікке таныстыруға, бір-бірінің жұмысын бағалап, құрметтеуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ кез келген жетістікке табандылық, төзімділік және адал еңбек арқылы жетуге болатынын ұғындыруға ықпал етті.
Жетекші: Аманжолова А.Н