«Менің қауіпсіз әлемім» атты сурет көрмесі
2026 жылғы 28 қыркүйекте бастауыш сынып оқушылары арасында «Менің қауіпсіз әлемім» тақырыбында шығармашылық сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – балалардың қауіпсіздік ережелері туралы түсініктерін кеңейту, өз өмірі мен айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.
Жас суретшілер өз туындыларында жолда жүру ережелерін сақтау, қауіпсіз орта қалыптастыру, табиғатты қорғау және отбасындағы қауіпсіздік тақырыптарын бейнеледі. Әрбір суреттен балалардың қоршаған әлемге деген көзқарасы мен қауіпсіз өмір туралы ойлары көрініс тапты.
Оқушылар көрмеге белсене қатысып, қиялдары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Іс-шара қауіпсіздік ережелерін күнделікті өмірде сақтаудың маңызын ұғынуға ықпал етті.