Размер шрифта:

«Қыз бала тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»

«Қыз бала тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»
Мектебімізде 5–6-сынып қыз балаларының денсаулық туралы сауаттылығын арттыру мақсатында Балқаш қалалық емханасының акушер-гинекологі Хажай Оралғанмен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында маман жасөспірімдік кезеңдегі ағзада болатын физиологиялық және психологиялық өзгерістер, жеке бас гигиенасын сақтау, дұрыс тамақтану, күн тәртібі және салауатты өмір салтын ұстану мәселелері жөнінде түсіндірді. Сонымен қатар қыз балаларға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, қауіпсіздік ережелерін сақтау және денсаулығына қатысты мәселе туындаған жағдайда ата-анасына, мектеп медицина қызметкеріне немесе білікті маманға жүгіну қажеттігі айтылды.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты әрі пайдалы жауаптар алды.
Қорытынды: кездесу барысында оқушылар денсаулықты сақтау мен жеке гигиенаның маңыздылығы туралы пайдалы ақпарат алды. Танымдық іс-шара қыз балалардың өз денсаулығына ұқыпты әрі жауапкершілікпен қарауына ықпал етті.
Дата: 22.09.2026, 15:36 Автор: №5 ОМ