Архивтің ашық есік күні

Архивтің ашық есік күні
2026 жылғы 21 қыркүйекте Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 7-сынып оқушылары Балқаш қаласының мемлекеттік архивінде өткен Ашық есік күніне қатысты.
Іс-шара барысында архив қызметкері Нұржигитова Қарлығаш Ақаевна «Еңбек ер атандырады» тақырыбында баяндама жасап, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Оқушылар архив қорларымен танысып, құжаттарды сақтау бөлмелеріне экскурсия жасады.
Шара соңында қаламыздың еңбек ардагері, «Алтын алқа» иегері Тұрсын Омарқұлованың өмірі мен еңбек жолына шолу жасалды.
Дата: 22.09.2026, 15:31 Автор: №5 ОМ