«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Жаңа Конституцияны түсіндіру» онкүндігіне орай мектебімізде «Ата Заң – елдігімнің тірегі» тақырыбында саптық жиын және сынып сағаттары өткізілді.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Жаңа Конституцияны түсіндіру» онкүндігіне орай мектебімізде «Ата Заң – елдігімнің тірегі» тақырыбында саптық жиын және сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызы мен қоғамдағы рөлін түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Саптық жиын барысында Ата Заңның мемлекеттің тұрақтылығы мен тәуелсіздігінің берік негізі екені айтылып, Конституцияда бекітілген азаматтардың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы ақпарат берілді.
Сынып сағаттарында оқушылар Конституцияның негізгі қағидаларымен танысып, «Менің құқықтарым мен міндеттерім», «Заңды білу – заман талабы», «Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының кепілі» тақырыптарында пікір алмасты. Танымдық тапсырмалар мен сұрақ-жауап жұмыстары арқылы білім алушылардың құқықтық түсініктері кеңейтілді.Өткізілген іс-шаралар оқушылардың бойында отансүйгіштік, заңға құрмет, жауапкершілік және белсенді азаматтық ұстаным құндылықтарын қалыптастыруға бағытталды. Ата Заңды құрметтеу – әрбір азаматтың басты міндеті.
Дата: 22.09.2026, 15:18 Автор: №5 ОМ