«Таза Қазақстан» – тазалық пен жауапкершілікке бастар жол!
13 қыркүйек 2026 жылы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің мектеп ұжымы күзгі сенбілікке шықты.
Сенбілік барысында мектеп аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, жиналған қоқыстар тазаланды, қураған жапырақтар жиналып, аула аумағы ретке келтірілді. Тазалық – әр адамның қоршаған ортаға деген мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі. Осындай игі бастамалар арқылы табиғатты аялау, туған өлкені таза ұстау және еңбекке құрметпен қарау құндылықтары насихатталады.
Дата: 15.09.2026, 11:48 Автор: №5 ОМ