2026 жылғы 11 қыркүйек күні Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 1–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Бала қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік» тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.

Күн тәртібінде:
1.«2026–2027 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру»
2.«Адал азамат – адал ұрпақ» бағыты аясында жаңа оқу жылындағы тәрбие жұмысының басым бағыттары туралы.
3. Мектептің ішкі тәртіп ережелері және мектеп формасына қойылатын талаптар
4. «Бала қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік» тақырыбында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен қозғалды. Құқықтық тәрбие, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, интернет қауіпсіздігі, жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы
5. «Мектепке жол» акциясы, оқушыларды әлеуметтік қолдау, мектепте тамақтануды ұйымдастыру
6.Ерте жүктіліктің алдын алу және вакцинация мәселелері бойынша ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиналысқа мектеп директоры Канатов Зайт Каменұлы, Балқаш қаласы прокуратурасының прокуроры Есен Абылай Сәкенұлы, «Балқаш қаласының көпсалалы ауруханасы» психологы Галимова Аяулым, Балқаш қаласы әкімшілік полициясының бастығы Жумангалиев Ерулан Муратказиевич және отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы Мусатаева Жайна қатысты.
Дата: 15.09.2026, 11:46 Автор: №5 ОМ