2027 оқу жылының басталуына орай «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбында 1–11-сынып оқушыларына арналған салтанатты жиын өтті.
2026 жылғы 1 қыркүйек күні сағат 10:00-де №5 жалпы білім беретін мектебінде жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына орай «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбында 1–11-сынып оқушыларына арналған салтанатты жиын өтті.Іс-шараға мектеп әкімшілігі, педагогтер, оқушылар, ата-аналар және арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Салтанатты жиынға Балқаш қаласы білім бөлімінің әдіскері Ж.С. Мухаметжанова және Балқаш қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны Н.А. Коразбаев қатысты.
Мерекелік шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылды. Жиын барысында еліміздің Ата Заңының қоғамдағы орны, Конституцияда бекітілген құқықтар мен міндеттер, заңға құрметпен қарау, қоршаған ортаны қорғау және туған жердің тазалығына жауапкершілікпен қарау құндылықтары насихатталды.
Мектеп директоры З.К. Канатов білім алушыларды, педагогтер мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушыларына ақ тілегін білдірді.
Жиын аяқталғаннан кейін оқушылар сынып кабинеттеріне өтіп, «Қазақстан Республикасының Конституциясы: адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттарына қатысты. Тәрбие сағаттарында білім алушылардың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік, адалдық, экологиялық мәдениет және белсенді азаматтық ұстаным құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған танымдық тапсырмалар мен пікір алмасулар ұйымдастырылды.