11-сынып түлектеріне аттестат тапсыру салтанаты өтті

11-сынып түлектеріне аттестат тапсыру салтанаты өтті

2026 жылғы 17 маусым күні №5 жалпы білім беретін мектебінде 11-сынып түлектеріне жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанатты жиыны өткізілді.

Бұл күн – әрбір түлек үшін өмірдегі ең маңызды белестердің бірі. Мектеп қабырғасында алған білім мен тәрбиенің нәтижесін көрсететін ерекше сәттің куәсі болған оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар қуанышты көңіл күйде бас қосты.

Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Іс-шара барысында мектеп директоры Канатов Зайт Каменулы түлектерді оқу жылын сәтті аяқтауларымен құттықтап, олардың болашақта өз таңдаған мамандықтарының иесі болып, еліміздің дамуына үлес қосатын азаматтар болуларына тілектестігін білдірді. Сондай-ақ түлектерге үлкен өмір жолында табыс, қажыр-қайрат және сәттілік тіледі.

Мектеп бітіруші түлектерге жалпы орта білім туралы аттестаттар табысталып, оқу мен қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан оқушылар марапатталды. Салтанатты сәтте түлектер өздерінің ұстаздарына алғыстарын білдіріп, мектеп қабырғасында өткен қызықты әрі әсерлі жылдарын еске алды.

Сондай-ақ ата-аналар атынан «Алтын белгі» иегері Асылбеков Ілиястың анасы Хайыпова Жанар Айваровна сөз сөйлеп, мектеп әкімшілігі мен ұстаздарға балаларына сапалы білім мен саналы тәрбие бергендері үшін шынайы ризашылығын білдірді. Ол түлектерге ақ жол тілеп, алдағы өмірлерінде биік белестерді бағындыруларына тілектестік білдірді.

Салтанатты шара мерекелік көңіл күйде өтіп, түлектер үшін ұмытылмас естелікке айналды. Мектеп ұжымы барлық түлектерге жарқын болашақ, толағай табыс және өмір жолында сәттілік тілейді.

Дата: 18.06.2026, 9:52 Автор: №5 ОМ