Экологиялық лагерьде эко-қолөнер байқауы өтті

Экологиялық лагерьде эко-қолөнер байқауы өтті

Бүгін экологиялық профильді лагерімізде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында эко-қолөнер байқауы ұйымдастырылды.

Байқауға қатысушылар белсенділік танытып, табиғи және қалдық материалдарды пайдалана отырып, ерекше қолөнер бұйымдарын дайындады. Оқушылар өз жұмыстарында қиял мен шеберлікті үйлестіріп, қоршаған ортаны қорғау идеяларын шығармашылық тұрғыда көрсете білді. Қазылар алқасы ұсынылған жұмыстарды бағалап, үздік туындылардың авторларын құрмет грамоталарымен марапаттады.

Сонымен қатар, іс-шара аясында оқушылар мектеп мұражайына саяхат жасап, білім ордасының тарихымен танысты. Мұражайда оқушылардың өз қолдарымен жасаған макеттері қойылып, келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Бұл жұмыстар балалардың шығармашылық әлеуеті мен ізденімпаздығын айқын көрсетті.

Дата: 11.06.2026, 9:34 Автор: №5 ОМ