«Күншуақ» лагері оқушылары қалалық «Плакат және жоба» байқауында ІІ орын иеленді

«Күншуақ» лагері оқушылары қалалық «Плакат және жоба» байқауында ІІ орын иеленді

«Күншуақ» лагері оқушылары «Плакат және жоба» байқауының қалалық кезеңіне белсенді қатысып, шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде танытты. Байқау барысында оқушылар тың идеялары мен шеберліктерін ұштастырып, ерекше әрі мазмұнды жұмыстар әзірледі.

Плакаттар мен жобаларды жасау кезінде түрлі түсті қағаздар, картон, моншақтар, сәндік элементтер және басқа да қолөнер материалдары қолданылды. Оқушылар түстерді үйлесімді пайдаланып, тақырыпты жан-жақты ашатын көркем жұмыстар ұсынды. Әрбір қатысушы өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, ұқыптылық пен шығармашылық көзқарас көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша «Күншуақ» лагері оқушылары ІІ орынға ие болып, өздерінің еңбегі мен талантының нәтижесін дәлелдеді. Бұл жетістік – ынтымақтастықтың, табандылықтың және шығармашылық ізденістің жемісі.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз.

Дата: 11.06.2026, 9:27 Автор: №5 ОМ