02.06 күні «Күншуақ» жазғы лагеріндегі күніміз көтеріңкі көңіл-күймен басталды. Таңертең балалар сергектік пен денсаулықты нығайту мақсатында қызықты жаттығулар жасап, белсенді қимыл-қозғалысқа қатысты. Жаттығу барысында балалар бір-біріне көтеріңкі көңіл күй сыйлап, күнді шаттықпен бастады. Одан кейін тәрбиеленушілер асфальтқа сурет салу байқауына қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Түрлі-түсті борлармен салынған суреттер табиғатты, достықты, бақытты балалық шақты бейнеледі. Балалардың қиялы мен шеберлігі көрініс тапқан суреттер алаңға ерекше сән берді. Сондай-ақ балалар қызықты ойындар ойнап, түрлі сайыстарға қатысты. Ұжымдық ойындар арқылы ұйымшылдыққа, достыққа және бір-бірін қолдауға тәрбиеленді. Күн бойы балалар көтеріңкі көңіл күйде болып, жаңа әсерлер мен жағымды эмоцияларға бөленді.
 
Дата: 3.06.2026, 10:43 Автор: №5 ОМ