Жазғы лагерьдің екінші күні қызықты әрі мазмұнды өтті. Тәрбие алушылар үшін ойлау қабілетін, қарым-қатынас жасау дағдыларын және танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған ойындар, топтық тапсырмалар мен шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылды. Балалар карточкалармен жұмыс жасап, қимылды ойындарға қатысып, топпен бірлесе әрекет етті. Әрқайсысы тапқырлығын, белсенділігін және шығармашылық көзқарасын көрсете білді. Күн балаларға көтеріңкі көңіл-күй, жаңа әсерлер мен достарымен қуанышты сәттер сыйлады.

Дата: 3.06.2026, 10:40 Автор: №5 ОМ