«Күншуақ» жазғы лагерінің салтанатты ашылуы өтті
01.06 күні №5 жалпы білім беретін мектепте «Күншуақ» жазғы лагерінің салтанатты ашылуы өтті. Ашылу рәсімінде оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, қызықты ойындар мен көңілді сайыстар өткізілді. Балалар жазғы демалыстың алғашқы күнін ерекше әсермен қарсы алып, белсенділік танытты. «Күншуақ» жазғы лагері оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған. Лагерьдің ашылу салтанаты көтеріңкі көңіл күйде өтіп, қатысушыларға жарқын әсер сыйлады. Жазғы демалыс маусымы барлық оқушылар үшін қызықты әрі мазмұнды өтсін!
Дата: 2.06.2026, 8:55 Автор: №5 ОМ