«Жас жол инспекторлары» қалалық байқауында – «Үздік саптық дайындық» номинациясы
14.05.2026 күні ЖББ №5 мектеп оқушылары «Жас жол инспекторлары» жасақтарының қалалық кезеңінде белсенді қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Байқау барысында оқушылар саптық дайындық, тәртіп пен ұйымшылдық жағынан ерекшеленіп, өз өнерлерін жоғары деңгейде таныта білді.Нәтижесінде мектебіміздің командасы «Үздік саптық дайындық» номинациясы бойынша марапатталды.Бұл жетістік – оқушылардың табандылығы мен жетекшілерінің тынымсыз еңбегінің жемісі. Жеңімпаз оқушыларды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерден көріне берулеріне тілектеспіз!
Дата: 1.06.2026, 16:06 Автор: №5 ОМ