«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Аталар даналық мектебі жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Атаның сөзі – ақылдың көзі» тақырыбында тағылымдық сағат өткізілді.

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Аталар даналық мектебі жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Атаның сөзі – ақылдың көзі» тақырыбында тағылымдық сағат өткізілді.
№5 жалпы білім беретін мектебі КММ-де 2026 жылғы 30 қаңтар күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Аталар даналық мектебі жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Атаның сөзі – ақылдың көзі» тақырыбында тағылымдық сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, отбасылық тәрбие мен өмірлік тәжірибенің маңыздылығын ұғындыру, сондай-ақ оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту болды.
Тағылымдық сағат барысында аталар жасөспірімдермен өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік, отансүйгіштік, сыйластық пен тәртіп туралы өнегелі ой-пікірлерін айтты. Қазақ халқының мақал-мәтелдері мен нақыл сөздері арқылы тәрбиелік мәні зор әңгімелер өрбітіліп, оқушыларға бағыт-бағдар берілді.
Кездесу интерактивті форматта өтіп, оқушылар аталарға сұрақтар қойып, өз ойларын ашық жеткізді. Мұндай ашық әңгіме ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұлттық тәрбиенің маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.
Аталған тағылымдық сағат оқушылардың рухани дүниесін байытып, адамгершілік құндылықтарға деген құрметін арттыруға оң әсерін тигізді.
Жетекшілер: Өміртай А.Б,Қабду М.А
Дата: 3.02.2026, 9:36 Автор: №5 ОМ