МАТЕМАТИКА АЙНАЛАМЫЗДА» атты математикалық сауаттылық апталығы аясында, «Адал азамат» бағдарламасының қағидаттарымен ықпалдастыру мақсатында мектебіміздің ардақты ардагер ұстазы математика пәні мұғалімі Ахаева Кульбақыт Каришқызы және 4 сынып оқушыларымен

Қарағанды облысы білім басқармасының білім бөлімінің «жалпы білім беретін 5 мектебі» КММ "МАТЕМАТИКА АЙНАЛАМЫЗДА" атты математикалық сауаттылық апталығы аясында,
«Адал азамат» бағдарламасының қағидаттарымен ықпалдастыру мақсатында мектебіміздің ардақты ардагер ұстазы математика пәні мұғалімі Ахаева Кульбақыт Каришқызы және
4 сынып оқушыларымен «Математика ойлау ғылымы» атты тақырыпта кездесу ұйымдастырылды.
Бұл кездесуде бастауыш сынып оқушылары математиканың не үшін керек екенін түсінді. Математика пәнінің мұғалімі балаларға есеп шығару арқылы ойлау, салыстыру, дәл шешім табу дағдылары қалай қалыптасатынын қарапайым мысалдармен түсіндірді.
Кездесу барысында оқушылар өздерінің сұрақтарын қойды. Балалар математика сабағының тек тақта мен дәптерден тұрмайтынын, оның күнделікті өмірде маңызды рөл атқаратынын түсінді.
Бұл кездесу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ойлануға, ізденуге және өзіне сенуге үйретті.
Ұйымдастырушы мұғалімдер: Бекбенбетова Г.К, Асылбекова А.Т

Дата: 3.02.2026, 9:30 Автор: №5 ОМ