5–6 сынып оқушыларымен «Салауатты өмір салты» тақырыбында«Балқаш қаласының көпсалалы ауруханасы» ШЖҚ КМК алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің меңгерушісі В.А. Омаров және мектеп медбикесі С.С.Жазибековамен тәрбиелік бағыттағы кездесу өт

2026 жылғы 23 қаңтар күні мектептің 5–6 сынып оқушыларымен «Салауатты өмір салты» тақырыбында«Балқаш қаласының көпсалалы ауруханасы» ШЖҚ КМК алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің меңгерушісі В.А. Омаров және мектеп медбикесі С.С.Жазибековамен тәрбиелік бағыттағы кездесу өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салты туралы түсініктерін кеңейту, дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасын сақтау, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру және дене белсенділігінің маңыздылығын түсіндіру болды.
Іс-шара барысында оқушылармен интерактивті әңгіме жүргізіліп, салауатты өмір салтының адам денсаулығына тигізетін пайдасы талқыланды. Сонымен қатар зиянды әдеттердің алдын алу, спортпен тұрақты шұғылдану және бос уақытты тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кездесу соңында оқушылар белсенділік танытып, өз ой-пікірлерін білдірді, қойылған сұрақтарға жауап алды. Іс-шара оқушылардың денсаулыққа жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыруға оң әсерін тигізді.
Дата: 28.01.2026, 11:08 Автор: №5 ОМ