ЕҢБЕК БӘРІН ЖЕҢБЕК
Күзгі санитарлық тазалық айлығы 9 қыркүйектен басталып, 7 қазан аралығында ұйымдастырылады. Осыған орай Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ-де сенбілікке шықты.
«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.
Сенбілік мақсаты тазалық қана емес, бірлік, еңбек пен салауат, қоршаған ортаны аялау сынды қоғамды ізгілікке бастайтын құндылықтарды қамту болып табылады.
Сенбілік барысында қоқыс жинау, қураған ағаштарды кесу және шөп шабу жұмыстары жүргізілді, тротуарлар, қоқыстан тазартылды.
Бүгінгі сенбілікке мектеп оқушылары мен ұстаздары, және ата-аналар белсенді қатысты!
Дата: 18.09.2023, 15:02 Автор: №5 ОМ