Размер шрифта:

«ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ-ЕЛГЕ құрмет» тақырыбында тағылымдық сағат өткізілді.

 «ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ-ЕЛГЕ  құрмет» тақырыбында тағылымдық сағат өткізілді.
14.09.2023 күні Тілдер мерекесі және «Өнегелі өмір» жобасы аясында іс –шаралар жоспарына сәйкес ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Индира Жанаткызының ұйымдастыруымен «ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ-ЕЛГЕ құрмет» тақырыбында тағылымдық сағат өткізілді.
Тағылымдық сағаттың кезекті қонағы "Ы.Алтынсарин" төсбелгі иегері, білім беру саласының ардагер-ұлағатты ұстазы, француз тілі пәнінің мұғалімі Жунус Несипкайша Ғылымжанқызы шақырылды.
Кездесуге мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары белсенді қатысты.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» дей отырып ашық алаң барысында оқушылар маңызды инсайт ақпараттар алды. Кері байланыс барысында өз ойларын еркін жеткізіп, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар ала алды.
Қорытынды кезеңінде Несипкайшы Ғылымжанқызы мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды.
  
Дата: 18.09.2023, 15:01 Автор: №5 ОМ